Баспасөз-баяны

2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ (ҚМГ) тұрақты даму саласындағы қызметі бойынша Sustainalytics1 рейтинг агенттігі тарапынан алғаш рет халықаралық деңгейде бағаланды. Компания 69 балл жинады. Аталған рейтинг компанияның тұрақты даму саласындағы айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін айқындайды (дүниежүзі бойынша салалық 119 компанияның арасында 33 орын). Бұл ретте ESG тәуекел-рейтингі 34,5 балды құрады. ESG-рейтингі бойынша ҚМГ компаниясына мынадай баға берілді: экологиялық бағытта – 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67 балл.

ESG қағидаттарын ұстану экология (Environmental), әлеуметтік саясат (Social) және корпоративтік басқару (Governance) салаларының ең озық тәжірибелерін енгізуді көздейді. Оның негізі 15 жылға жуық бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымымен жауапты инвестициялаудың қағидаттары ретінде қалыптастырылған.

Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі берген жоғары баға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы корпоративтік басқару саласын жетілдірудің тұрақты процесімен қатар қоршаған ортаның ахуалы және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша стратегиялық міндеттемелері мен жауапкершілігін растайды.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мемлекет мүддесін қорғайтын ұлттық оператор ретінде ҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін қызметін жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастыратын болады.

ESG бойынша ақпаратты жариялау ашықтығын арттыру мақсатында ҚМГ 2012 жылдан бері GRI Стандарттарына (GRI Standards) сәйкес есептерін жыл сайын жариялап келеді.


Анықтамалық ақпарат:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды.


ҚМГ-ның негізгі активтері:

Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%2 , Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.

Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%, Мұнай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КҚК – 20,75%3 , Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз - 100%, ИОА - 100% , АГҚ - 50%, ҚТГ Аймақ - 100%, БШҚ - 50%, ҚазРосГаз - 50%.

Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.


1 Sustainalytics – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы зерттеулермен айналысатын жетекші тәуелсіз компания. Сондай-ақ, әлем бойынша инвесторларға жауапты инвестициялық стратегияларды әзірлеу мен енгізуге көмектесетін сараптамалық ұйым.  

2 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның жалпы 16.88% үлесі тиесілі.

3 ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.

KAZ RUS ENG

МАҢЫЗДЫ: Келесі хабарламамен толық көлемде мұқият танысуыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген хабарлама өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

ХАБАРЛАМА

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы веб-сайтта "болашаққа қатысты мәлімдеме"болып табылатын немесе есептелетін өтініштер болуы мүмкін. Болашақты сипаттауға арналған терминология, соның ішінде, "есептейді", "алдын ала бағалау бойынша", "күтеді", "болжамдар бойынша", "ниеттенеді", "жоспарлайды", "байқады", "болады" немесе "тиіс" деген сөздерді қоса алғанда, немесе, не әрбір жағдайда олардың теріс нысаны немесе ұқсас немесе салыстырмалы терминологиясы, немесе, не стратегияны, жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді, болашақ оқиғаларды немесе ниеттерді талқылауға сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Болашаққа қатысты көрсетілген мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Мұндай шектеусіз болашаққа қатысты мәлімдемелер ниеттер, пікірлер, болжамдар туралы мәлімдемелер және Компанияның өзгелермен қатар, қызмет нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, өсуіне, әлеуетті сатып алуларға, Компанияның стратегиясына және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты оның үміттері туралы мәлімдемелер болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдемелер тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, өйткені олар орын алуы немесе орын алмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақтағы нәтижелерінің және қызметтің нақты нәтижелерінің кепілдіктері болып табылмайды, оның ішінде Компанияның қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдің және салалардың дамуы, осы веб-сайтта сипатталғаннан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін немесе болашаққа қатысты осы веб-сайтта қамтылған мәлімдемелерге сәйкес болжалдануы мүмкін. Веб-сайтта қамтылған ақпарат толық емес. Ақпаратты дайындаудың мұқияттылығына қарамастан, барлық ақпарат барлық қатынастарда нақты және өзекті бола алмайды және Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңарту үшін немесе жаңа ақпаратты, болашақ оқиғаларды немесе қандай да бір өзге жағдайларды алу нәтижесінде, осы веб-сайтта қамтылған болашаққа қатысты қандай да бір мәлімдемелер үшін жауапты болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған немесе қамтылған кез келген ақпарат алдын ала ескертусіз түзетілуі немесе өзгертілуі мүмкін. Компания ешқандай растама жасамайды, ешқандай кепілдік бермейді және болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерде баяндалған нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ешқандай болжам жасамайды.

Компания осы веб-сайтта жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың дұрыс түсінуіне жауапты болмайды. Осы веб-сайтта қамтылған ақпараттың немесе пікірлердің дәлдігіне, толықтығына немесе әділдігіне ешбір мақсатта сүйенуге болмайды  компания, оның акционерлері немесе бақылауындағы компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, директорлары, аффилиирленген тұлғалары, агенттері немесе консультанттары осы веб-сайттағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін немесе кез келген қателер немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілікті немесе жауапкершілікті қабылдамайды. Компания осы веб-сайтта жарияланған болашаққа қатысты мәлімдемелерге негізделген үшінші тұлғалардың инвестициялық және өзге де қаржылық шешімдері үшін жауапты болмайды.

Компания да, оның консультанттары да осы веб-сайтты немесе ондағы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындайтын кез келген түрдегі тікелей немесе жанама немесе кейінгі шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.

Мен ескертуді оқыдым