Баспасөз-баяны

2021 жылғы 11 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚТГ) 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына (бұдан әрі – СБШ немесе Шарт) қол қойды.
Сенімгерлік басқару шарты Қорға ҚТГ дамуының стратегиялық маңызды мәселелері бойынша қолдау көрсетуге, соның ішінде ішкі нарықта газ бағасын белгілеуді реттеу жұмыстарын жетілдіру, газ тасымалдау жүйесін жаңғырту мен кеңейту, ел өңірлерін әрі қарай газбен қамту үшін ҚТГ-ның басқару ісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Шарт талаптарына сәйкес ҚМГ «ҚазТрансГазға» толық бақылауын сақтап қалады және оның бенефициар меншік иесі болып қалады. Алдағы уақытта да ҚТГ халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша ҚМГ қаржылық есептілігінде шоғырланатын болады. Шарт ҚТГ акцияларын сату немесе иеліктен шығаруды білдірмейді.
ҚМГ мен ҚТГ-ның еурооблигациялары және басқа да халықаралық міндеттемелердегі ковенанттарды сақтау арқылы жасалып, кредиторларының келісімін алуды қажет етпейді. СБШ және оның талаптары ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерінің ағымдағы деңгейлерін сақтап қалуға ықпал етеді. ҚМГ мен ҚТГ-ның халықаралық кредит рейтингтерін инвестициялық деңгейде сақтап тұру және халықаралық инвесторлардың, оның ішінде ҚМГ мен ҚТГ еурооблигацияларын ұстаушыларының мүддесін қорғау ҚМГ маңызды стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Бұған дейін 2020 жылғы маусымда Қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметіне, Қорға, ҚМГ мен ҚТГ компанияларына ҚТГ-ны тікелей Қорға бағындыру жөніндегі мүмкіндікті қарастырып, кейіннен нақты шешім қабылдауды тапсырған болатын.  

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:

Барлау және өндіру: Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%1, Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%.

Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%, Мұнай Тас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, КҚК – 20,75%2, Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз - 100%, ИОА - 100% , АГҚ - 50%, ҚТГ Аймақ - 100%, БШҚ - 50%, ҚазРосГаз - 50%.

Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.


«ҚазТрансГаз» АҚ туралы: 
«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің және әлемдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін қорғайтын, Қазақстан Республикасының газ энергетикалық және газ тасымалдау саласындағы ірі компания болып табылады. Компания тауар газын магистралды газ құбырлары және газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, газ құбыр жолдары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. ҚазТрансГаз – тұтынушыларға газ жеткізіп отырған Орта Азия өңіріндегі ірі газ тасымалдау желісі және ішкі газ жабдықтау жүйесі бар іргелі компания.





1 2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның жалпы 16.88% үлесі тиесілі.

2 ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.

KAZ RUS ENG

МАҢЫЗДЫ: Келесі хабарламамен толық көлемде мұқият танысуыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген хабарлама өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

ХАБАРЛАМА

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы веб-сайтта "болашаққа қатысты мәлімдеме"болып табылатын немесе есептелетін өтініштер болуы мүмкін. Болашақты сипаттауға арналған терминология, соның ішінде, "есептейді", "алдын ала бағалау бойынша", "күтеді", "болжамдар бойынша", "ниеттенеді", "жоспарлайды", "байқады", "болады" немесе "тиіс" деген сөздерді қоса алғанда, немесе, не әрбір жағдайда олардың теріс нысаны немесе ұқсас немесе салыстырмалы терминологиясы, немесе, не стратегияны, жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді, болашақ оқиғаларды немесе ниеттерді талқылауға сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Болашаққа қатысты көрсетілген мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Мұндай шектеусіз болашаққа қатысты мәлімдемелер ниеттер, пікірлер, болжамдар туралы мәлімдемелер және Компанияның өзгелермен қатар, қызмет нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, өсуіне, әлеуетті сатып алуларға, Компанияның стратегиясына және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты оның үміттері туралы мәлімдемелер болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдемелер тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, өйткені олар орын алуы немесе орын алмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақтағы нәтижелерінің және қызметтің нақты нәтижелерінің кепілдіктері болып табылмайды, оның ішінде Компанияның қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдің және салалардың дамуы, осы веб-сайтта сипатталғаннан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін немесе болашаққа қатысты осы веб-сайтта қамтылған мәлімдемелерге сәйкес болжалдануы мүмкін. Веб-сайтта қамтылған ақпарат толық емес. Ақпаратты дайындаудың мұқияттылығына қарамастан, барлық ақпарат барлық қатынастарда нақты және өзекті бола алмайды және Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңарту үшін немесе жаңа ақпаратты, болашақ оқиғаларды немесе қандай да бір өзге жағдайларды алу нәтижесінде, осы веб-сайтта қамтылған болашаққа қатысты қандай да бір мәлімдемелер үшін жауапты болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған немесе қамтылған кез келген ақпарат алдын ала ескертусіз түзетілуі немесе өзгертілуі мүмкін. Компания ешқандай растама жасамайды, ешқандай кепілдік бермейді және болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерде баяндалған нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ешқандай болжам жасамайды.

Компания осы веб-сайтта жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың дұрыс түсінуіне жауапты болмайды. Осы веб-сайтта қамтылған ақпараттың немесе пікірлердің дәлдігіне, толықтығына немесе әділдігіне ешбір мақсатта сүйенуге болмайды  компания, оның акционерлері немесе бақылауындағы компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, директорлары, аффилиирленген тұлғалары, агенттері немесе консультанттары осы веб-сайттағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін немесе кез келген қателер немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілікті немесе жауапкершілікті қабылдамайды. Компания осы веб-сайтта жарияланған болашаққа қатысты мәлімдемелерге негізделген үшінші тұлғалардың инвестициялық және өзге де қаржылық шешімдері үшін жауапты болмайды.

Компания да, оның консультанттары да осы веб-сайтты немесе ондағы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындайтын кез келген түрдегі тікелей немесе жанама немесе кейінгі шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.

Мен ескертуді оқыдым