Баспасөз-баяны

2018 ж. 26 қазанда «KMG International» (KMGI немесе Топ, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ 100% еншілес компаниясы) және Румыния Энергетика министрлігіне тиесілі «Societatea de Administrare a Energie» (SAPE) энергетика саласындағы бірлескен Қазақстандық-румын инвестициялық қорды (Қор) құру туралы келісімге қол қойды.

Келісім KMGI («Rompetrol» бұрынғы тобы) және Румынияның үкіметі арасында бұрын қол қойылған және Румыния аумағында Топтың жобаларына қосымша қаржыландыруды тартуды көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандум ережелеріне сәйкес жасалды. Осы құжатта сондай-ақ, Румыния мемлекеті «Rompetrol Rafinare» -  дағы ие акцияларын жекешелендіру механизмі және энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық қорды құру тәртібі жазылған.

Осылайша, келісімге қол қою барысында атап өтілгендей, Қорды құру тараптар арасындағы тарихи мәселелерді түпкілікті шешуге бағытталған өзара тиімді стратегиялық қадам болып табылады. Атап айтқанда, бұған дейін хабарланғандай, Меморандум KMGI Тобы Румыния үкіметінен оған тиесілі Rompetrol Rafinare дің 44% акцияларын 200 млн АҚШ долларына сатып алуды көздейді.

Сонымен қатар, тараптардың пікірі бойынша, бірлескен инвестициялық қорды қалыптастыру бойынша мақсаттарға жету румын үкіметінің тарапынан KMGI қолданыстағы қазақстандық менеджментінің жұмысын жоғары бағалауды, осы өзара әрекеттестікті кеңейту ниетін, сондай-ақ KMG International стратегиялық бастамаларды дербес жүзеге асыруға  және Румыния қатысатын негізгі нарықта негізгі стейкхолдерлермен ұзақ мерзімді серіктестікті құруды куәландырады.

Тараптардың мәлімдемелері бойынша бірлескен қор 7 жыл ішінде 1 млрд. АҚШ долларына дейін инвестицияларды көздейді. KMGI тарапынан Қор жобаларына инвестициялардың бастапқы көлемі 150 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жобаларды қаржыландыру «КМG International» тек қана өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, ол соңғы жылдары ағымдағы қазақстандық менеджменттің келуімен қаржы және операциялық нәтижелердің тұрақты өсуін көрсетуде. Сонымен бірге Қордың инвестициялық саясатына сәйкес жобаларды қосымша қаржыландыру көзі ретінде Қор деңгейінде қарыз капиталын тарту мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл ретте, Қордың шеңберінде энергетикалық жобаларды іске асыру акционер ҚМГ ҰК тарапынан қосымша инвестициялар немесе қаражатты тартуды болжамайды. Сонымен қатар, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде Топтың перспективалық жобаларын дамытуды қаржыландырудың жаңа механизмі компанияның түсімділігінің өсуіне және KMG International қызметінен инвестицияларды қайтаруды жеделдетуге ықпал етеді.

Жергілікті энергетикалық секторды дамытуға, сондай-ақ Румыниядағы қатысуының негізгі нарығында КМGI позицияларын одан әрі нығайту Қордың басымдығы болып табылады.

«Бірлескен қазақстандық-румын қорын құру «KMG International» үшін және Румыния мемлекеті үшін өзара пайдалы шешім болып табылады. Қордың инвестициялық саясаты екі тарапқа нақты пайда әкелетін энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл жобалар сондай-ақ KMGI қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте Қордың негізгі міндеттерінің бірі қосымша коммерциялық пайданы генерациялау мен акционерлерге дивидендтер төлеу болып табылады» - деп атап өтті «KMG International» бас директоры Жанат Түсіпбеков.

Бекітілген акционерлік құрылымға сәйкес инвестициялық қордағы KMGI үлесі 80% - ды құрайды, Румыния үкіметінің -  тиісінше 20% болады.

«Бірлескен инвестициялық Қорды құру Румынияның энергетикалық секторына қосымша инвестициялар тарту ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптің осы саласын дамыту қарқынын белсендіру үшін маңызды сигнал болады. Бұл ірі энергетикалық жобаларды іске асырудың тиімді механизмі. Қордың инвестициялары өңірдің энергетикалық секторындағы өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етеді », - деді SAPE басқармасының президенті Константин Вадува.

Қазіргі уақытта тараптар қаржыландыруға арналған екі перспективалық жобаны анықтады, олар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн. АҚШ долларынан асады. Осы жобаларды жүзеге асыру компания үшін стратегиялық маңызды Қара теңіз аймағындағы энергетикалық саланың дамуына жаңа серпін береді, сонымен қатар Румынияда да, компания қатысқан басқа елдерде де KMGI қызметінің және Rompetrol брендінің рентабельділігін арттырады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Қор шеңберінде іске асыруға ұсынылатын жобалардың бірі Petromidia МӨЗ алаңында когенерация режимінде ЖЭО салу болып табылады, ол электр және жылу энергиясын біріктіріп өндіретін болады. Бұл когенерация қондырғысы Petromidia мұнай өңдеу зауытына және Нэводарь қаласына қуат беретін әлеуетке ие болады. «Uzina Termoelectrică Midia» серіктестігінде жүзеге асырылатын жобаға салынатын инвестиция көлемі 120 миллион долларды құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, ЖЭО құрылысы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау сәтінен бастап 4 жыл ішінде аяқталатын болады. Екінші жоба румын нарығында шамамен 80 жаңа жанар-жағар май құю станцияларының нөлдік циклден бастап (жасыл алаңды инвестициялау) салу арқылы Rompetrol жағармай құю станцияларын кеңейтуді көздейді. Бұл жобаның жалпы бюджеті 100 миллион доллардан асады деп күтілуде.

Қордың қызметі инвестициялық жобаларды бағалаудың анық критерийлері мен механизмдерін сақтауды көздейтін ашық инвестициялық саясатқа негізделетін болады. Сонымен қатар, Румыния үкіметі және КMGI қаржыландыруға арналған жобалық ұсыныстарды беру үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болады.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Бірлескен Қазақстандық-румын қоры KMGI мен Румыния үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін іске асыру шеңберінде құрылған,  2013 жылы тараптар қол қойған және Румыния аумағында Топтың жобаларына қосымша қаржыландыруды тартуды көздейді. Осы құжатта сондай-ақ, «Rompetrol Rafinare» дегі Румыния мемлекеті ие акцияларды жекешелендіру механизмі және энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық қорды құру тәртібі анықталған.

«KMG International N. V.» «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады және 11 негізгі нарықтарда мұнай өңдеу, мұнай өнімдерін сату, өнеркәсіптік қызметтерді көрсету секторындағы операцияларды жүзеге асыратын біріктірілген халықаралық мұнай компаниясы болып табылады. Компанияның ЖМС желісі Грузия, Болгария, Молдова және Румынияда 1 мыңнан астам жанар-жағар май құю станциялары мен сату пункттері бар, онда Топтың екі мұнай өңдеу зауыттары  бар – Нэводарь қаласында «Petromidia», сондай-ақ Плоештте «Vega», «Petrochemicals» мұнай химия кешені. Компанияның негізгі қызметі Қара теңіз өңірінде шоғырланған.

KAZ RUS ENG

МАҢЫЗДЫ: Келесі хабарламамен толық көлемде мұқият танысуыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген хабарлама өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

ХАБАРЛАМА

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы веб-сайтта "болашаққа қатысты мәлімдеме"болып табылатын немесе есептелетін өтініштер болуы мүмкін. Болашақты сипаттауға арналған терминология, соның ішінде, "есептейді", "алдын ала бағалау бойынша", "күтеді", "болжамдар бойынша", "ниеттенеді", "жоспарлайды", "байқады", "болады" немесе "тиіс" деген сөздерді қоса алғанда, немесе, не әрбір жағдайда олардың теріс нысаны немесе ұқсас немесе салыстырмалы терминологиясы, немесе, не стратегияны, жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді, болашақ оқиғаларды немесе ниеттерді талқылауға сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Болашаққа қатысты көрсетілген мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Мұндай шектеусіз болашаққа қатысты мәлімдемелер ниеттер, пікірлер, болжамдар туралы мәлімдемелер және Компанияның өзгелермен қатар, қызмет нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, өсуіне, әлеуетті сатып алуларға, Компанияның стратегиясына және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты оның үміттері туралы мәлімдемелер болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдемелер тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, өйткені олар орын алуы немесе орын алмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақтағы нәтижелерінің және қызметтің нақты нәтижелерінің кепілдіктері болып табылмайды, оның ішінде Компанияның қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдің және салалардың дамуы, осы веб-сайтта сипатталғаннан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін немесе болашаққа қатысты осы веб-сайтта қамтылған мәлімдемелерге сәйкес болжалдануы мүмкін. Веб-сайтта қамтылған ақпарат толық емес. Ақпаратты дайындаудың мұқияттылығына қарамастан, барлық ақпарат барлық қатынастарда нақты және өзекті бола алмайды және Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңарту үшін немесе жаңа ақпаратты, болашақ оқиғаларды немесе қандай да бір өзге жағдайларды алу нәтижесінде, осы веб-сайтта қамтылған болашаққа қатысты қандай да бір мәлімдемелер үшін жауапты болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған немесе қамтылған кез келген ақпарат алдын ала ескертусіз түзетілуі немесе өзгертілуі мүмкін. Компания ешқандай растама жасамайды, ешқандай кепілдік бермейді және болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерде баяндалған нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ешқандай болжам жасамайды.

Компания осы веб-сайтта жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың дұрыс түсінуіне жауапты болмайды. Осы веб-сайтта қамтылған ақпараттың немесе пікірлердің дәлдігіне, толықтығына немесе әділдігіне ешбір мақсатта сүйенуге болмайды  компания, оның акционерлері немесе бақылауындағы компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, директорлары, аффилиирленген тұлғалары, агенттері немесе консультанттары осы веб-сайттағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін немесе кез келген қателер немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілікті немесе жауапкершілікті қабылдамайды. Компания осы веб-сайтта жарияланған болашаққа қатысты мәлімдемелерге негізделген үшінші тұлғалардың инвестициялық және өзге де қаржылық шешімдері үшін жауапты болмайды.

Компания да, оның консультанттары да осы веб-сайтты немесе ондағы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындайтын кез келген түрдегі тікелей немесе жанама немесе кейінгі шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.

Мен ескертуді оқыдым