Баспасөз-баяны

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ ЖӘНЕ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ ФИНАНС АҚҚ Б. В.» (KAZMUNAIGAZ FINANCE SUB B.V.) МЫНАЛАР ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ:

  • 3,875% ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2022 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН СОМАСЫ 500 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ, 4,40% ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2023 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН СОМАСЫ 1 000 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ, 4,75% ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2027 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН СОМАСЫ 1 000 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ, 5,75% ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2047 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН СОМАСЫ 1 250 000 000  АҚШ ДОЛЛАРЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМ АЛУ ТУРАЛЫ; ЖӘНЕ
  • 6,0% ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН ЖӘНЕ 2044 ЖЫЛЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІМЕН СОМАСЫ 1 000 000 000 АҚШ ДОЛЛАРЫНА,  ОНЫҢ 30 112 000 АҚШ ДОЛЛАРЫ ӨТЕЛМЕГЕН КҮЙІНДЕ ҚАЛАТЫН ОБЛИГАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ АЛУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС;

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ ЖӘНЕ KAZMUNAIGAZ FINANCE SUB B.V. ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ ОРТА МЕРЗІМДІ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ ШЫҒАРЫЛҒАН ӘРБІР ЖАҒДАЙДА

Келісімді алу туралы ұсыныс:

Бүгін «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ («Эмитент») және «Қазмұнайгаз Финанс Аққ Б. В.» (KazMunaiGaz Finance Sub B.V) («KMG Finance») келесі облигациялардың әрбір ұстаушысына өзінің ұсынысы туралы жариялайды:

  • 3,875% пайыздық мөлшерлемемен және 2022 жылы өтеу мерзімімен сомасы 500 000 000 АҚШ долларына облигациялар ((Reg S ISIN: XS1595713279; 144A ереже ISIN: US48667QAM78) («2022 облигациялар»), олардың ішінен 500 000 000 АҚШ доллары өтелмеген күйінде қалады;
  • 4,40% пайыздық мөлшерлемемен және 2023 жылы өтеу мерзімімен сомасы 1 000 000 000 АҚШ долларына облигациялар ((Reg S ISIN: XS0925015074; 144A ереже ISIN: US46639UAA34) («2023 облигациялар»), олардың ішінен 406 564 000 АҚШ доллары өтелмеген күйінде қалады;
  • 4,75% пайыздық мөлшерлемемен және 2027 жылы өтеу мерзімімен сомасы 1 000 000 000  АҚШ долларына облигациялар ((Reg S ISIN: XS1595713782; 144A ереже ISIN: US48667QAN51) («2027 облигациялар»), олардың ішінен 1 000 000 000 АҚШ доллары өтелмеген күйінде қалады; және
  • 5,75% пайыздық мөлшерлемемен және 2047 жылы өтеу мерзімімен сомасы 1 250 000 000   АҚШ долларына облигациялар ((Reg S ISIN: XS1595714087; 144A ереже ISIN: US48667QAP00) («2047 облигациялар»), олардың ішінен 1 250 000 000 АҚШ доллары өтелмеген күйінде қалады,

Келісімді алу туралы ұсыныс бойынша меморандумда егжей-тегжейлі сипатталған (төмендегі анықтамаға сәйкес) («Өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс») (i) 2022 Облигациялардың шарттары, (ii) 2023 Облигациялардың шарттары, (iii) 2027 Облигациялардың шарттары, (iv) 2047 Облигациялардың шарттары және (v) 2022 Облигациялар, 2023 Облигациялар, 2027 Облигациялар және 2047 Облигацияларды құрайтын сенімгерлікпен басқару шарттарының ережелеріне қатысты («Келісімді алу туралы ұсыныс») сұратылатын белгілі бір өзгерістерді («Ұсынылатын өзгерістер») енгізуге өзінің келісімін беру.

KAZ RUS ENG

МАҢЫЗДЫ: Келесі хабарламамен толық көлемде мұқият танысуыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген хабарлама өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

ХАБАРЛАМА

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы веб-сайтта "болашаққа қатысты мәлімдеме"болып табылатын немесе есептелетін өтініштер болуы мүмкін. Болашақты сипаттауға арналған терминология, соның ішінде, "есептейді", "алдын ала бағалау бойынша", "күтеді", "болжамдар бойынша", "ниеттенеді", "жоспарлайды", "байқады", "болады" немесе "тиіс" деген сөздерді қоса алғанда, немесе, не әрбір жағдайда олардың теріс нысаны немесе ұқсас немесе салыстырмалы терминологиясы, немесе, не стратегияны, жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді, болашақ оқиғаларды немесе ниеттерді талқылауға сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Болашаққа қатысты көрсетілген мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Мұндай шектеусіз болашаққа қатысты мәлімдемелер ниеттер, пікірлер, болжамдар туралы мәлімдемелер және Компанияның өзгелермен қатар, қызмет нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, өсуіне, әлеуетті сатып алуларға, Компанияның стратегиясына және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты оның үміттері туралы мәлімдемелер болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдемелер тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, өйткені олар орын алуы немесе орын алмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақтағы нәтижелерінің және қызметтің нақты нәтижелерінің кепілдіктері болып табылмайды, оның ішінде Компанияның қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдің және салалардың дамуы, осы веб-сайтта сипатталғаннан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін немесе болашаққа қатысты осы веб-сайтта қамтылған мәлімдемелерге сәйкес болжалдануы мүмкін. Веб-сайтта қамтылған ақпарат толық емес. Ақпаратты дайындаудың мұқияттылығына қарамастан, барлық ақпарат барлық қатынастарда нақты және өзекті бола алмайды және Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңарту үшін немесе жаңа ақпаратты, болашақ оқиғаларды немесе қандай да бір өзге жағдайларды алу нәтижесінде, осы веб-сайтта қамтылған болашаққа қатысты қандай да бір мәлімдемелер үшін жауапты болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған немесе қамтылған кез келген ақпарат алдын ала ескертусіз түзетілуі немесе өзгертілуі мүмкін. Компания ешқандай растама жасамайды, ешқандай кепілдік бермейді және болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерде баяндалған нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ешқандай болжам жасамайды.

Компания осы веб-сайтта жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың дұрыс түсінуіне жауапты болмайды. Осы веб-сайтта қамтылған ақпараттың немесе пікірлердің дәлдігіне, толықтығына немесе әділдігіне ешбір мақсатта сүйенуге болмайды  компания, оның акционерлері немесе бақылауындағы компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, директорлары, аффилиирленген тұлғалары, агенттері немесе консультанттары осы веб-сайттағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін немесе кез келген қателер немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілікті немесе жауапкершілікті қабылдамайды. Компания осы веб-сайтта жарияланған болашаққа қатысты мәлімдемелерге негізделген үшінші тұлғалардың инвестициялық және өзге де қаржылық шешімдері үшін жауапты болмайды.

Компания да, оның консультанттары да осы веб-сайтты немесе ондағы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындайтын кез келген түрдегі тікелей немесе жанама немесе кейінгі шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.

Мен ескертуді оқыдым