28.01.19
Қазақстанда экологиялық жауапкершілігі аса жоғары мұнай-газ компаниялары аталды

ҚР-да 2018 жылғы экологиялық жауапкершілік саласындағы қазақстандық мұнай-газ компанияларының екінші ашықтық рейтингісінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі.
Аталған жоба Ресейдің Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF), «КРЕОН» тобымен және қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ Бағдарламасымен (UNEP) ұйымдастырылып, ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Жалпы алғанда, 2018 жылғы экологиялық жауапкершілік саласындағы қазақстандық мұнай-газ компанияларының ашықтық рейтингісінің іріктемесіне барлығы 19 компания кірді. Бұл рейтингте бірінші орынды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ иеленсе, екінші орынды – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» және үшінші орынды – «Ембімұнайгаз» АҚ еншіледі.
4. Норт Каспиан Оперейтинг
5. «Қаражанбасмұнай» АҚ
6. «Жайықмұнай» ЖШС
7. «Теңізшевройл» ЖШС
8. «Каспий мұнай» АҚ
9. «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
10 – 12. «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС
13.«Саутс Ойл» ЖШС
14. Бузачи Оперейтинг
15. «Торғай Петролиум» АҚ
16. Маерск ойл Қазақстан
17. «Көлжан» ЖШС
18. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
19. «Өзенмұнайгаз» АҚ
«Қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты жауапкершілік жүгін баршамыз бірлесе отырып көтеруге тиіспіз. Экологиялық жауапкершілік рейтингісінің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуі мұнай-газ компанияларын қоршаған ортаға теріс әсерлерін төмендетуге ынталандыратын болады», - деді Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай. Оның айтуынша, өткен жылдың оң тәжірибесі мұнай-газ компанияларының жариялылығы мен ашықтығы деңгейінің артқандығын көрсетті. Бұл рейтинг қоршаған ортаға жүктемені азайтып, көмірсутек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік жауапты бизнесті жүргізу мақсатында құрылған. Бұдан бөлек, рейтинг шығарындылар, қалдықтар мен сарқындылар бойынша салалық орташа көрсеткіштерді есептеу үшін сандық деректер массивін құруға және жинақтауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: www.inform.kz