ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. Ембімұнайгаз геологиялық барлаумен, мұнай-газ кен орындарын өңдеумен, мұнай және газ өндірумен айналысады. Компанияның құрамына 10 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді. Компания игеріліп жатқан 33 кен орнымен жұмыс жасайды.
ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. Өзенмұнайгаз Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игерумен айналысады. Компанияның құрамына 16 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді.
ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. Қазгермұнай өзіңнің көмірсутек шикізатын барлау, өңдеу, өндіру және өткізу қызметтерін Қызылорда облысының кен орындарын жүзеге асырады. Компания игеріліп жатқан 6 кен орнымен жұмыс жасайды.
ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. «Қаржанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысында орналасқан Қаржанбас кен орнын игерумен айналысатын мұнай өндіру компаниясы болып табылады.
ҚМГ активтің 33 % акциясына ие. ПетроҚазақстан Инк. Оңтүстік Торғай бассейніндегі Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлік), Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Арысқұм, Қызылқия, Солтүстік-Батыс Қызылқия, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ мұнай кен орындары мен барлау блоктарын өңдеумен айналысады.
ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. Қазақойл Ақтөбе 1999 жылдан бері Ақтөбе облысында орналасқан «Әлібекмол» және «Қожасай» мұнай-газ конденсат кен орындарын игеру бойынша жұмыстарды жүзеге асырып келеді.
ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. Маңғыстаумұнайгаз 1963 жылдың қарашасында Маңғышлақ түбегіндегі мұнай-газ кен орнын игеру мақсатында құрылған болатын. Компания игеріліп жатқан 15 кен орнымен жұмыс жасайды.
ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысындағы Лақтыбай және Оңтүстік Қаратөбе кен орындарында өндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 4 кен орнын игеруде.
ҚМГ операциялық активітің 100% акциясына ие. «Амангелді Газ» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі газ бен газ конденсаттарын өндіру болып табылады. Амангелді кен орны Жамбыл облысындағы Мойынқұм және Талас аудандарының аумағында орналасқан.
ҚМГ активтің 16,5% акциясына ие. Қазіргі уақытта ҚМГ ПетроҚазақстан Инк. компаниясындағы 33%-тік үлеске иелік етеді, өз кезегінде, ол Торғай Петролеум компаниясындағы 50%-тік үлеске иелік етеді. Қызылорда облысындағы Кұмкөл кен орнының солтүстік-батыс бөлігін алып жатқан келісімшарттық аумақтағы мұнайды игеру үшін құрылған мұнай компаниясы.
ҚМГ операциялық емес активтің 20% акциясына ие. «Теңгізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде әлемдегі алпауыт мұнай кен орындарының қатарына кіретін Атырау облысында орналасқан Теңгіз кен орнын игеру мақсатында құрылған болатын.
ҚМГ операциялық емес активтің 10% акциясына ие. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орны болып табылатын Батыс Қазақстанда орналасқан Қарашығанақ кен орнының операторы болып табылады.
ҚМГ операциялық емес активтің 8,44% акциясына ие. Қазіргі уақытта ҚМГ Солтүстік Каспий мега жобасының өзінде 16,88% үлеске иелік ететін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесіне иелік етеді. Қалған 50% үлесті «Самұрық-Қазына» АҚ-ға немесе жобадағы 8,44% үлес тиесілі. НКОК – Солтүстік Каспий жобасының операторы. Келісімшарттық аумақта Қашаған, Қаламқас, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған кен орындары орналасқан. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта 3-4 метр су астында және теңіз түбінен 4 км-дан асатын (4 200 метр) тереңдікте жатыр.
Атырау мұнай өңдеуші зауыт (АМӨЗ) – мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі зауыт. 2017 жылдың соңында АМӨЗ жаңғырту аясында жаңа құрал-жабдықтарды орнату бойынша барлық механикалық жұмыстар тәмамдалды. 2018 жылы АМӨЗ-де жаңа қондырғыларды іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынның көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,5 млн тонна.
CaspiBitum - битум өндіру бойынша зауыт. «CITIC Kazakhstan» ЖШС-мен (50%) бірлескен кәсіпорын. Зауыт 2013 жылы пайдалануға берілген. Көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша қуаттылығы жылына 1,0 млн тонна.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Ол Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 2017 жылы бірінші кезеңді жаңғырту аяқталды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың қыркүйегінде өзінің жаңғырту жұмыстарының екінші (ақтық) кезеңін аяқтады. Зауыттың көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 6,0 млн тонна.
Павлодар мұнай-химия зауыты – мұнай өңдеумен және мұнай өнімдерін щығарумен айналасатын кәсіпорын. 2017 жылы зауыт қайта жаңғыртудан өтті. Көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 6,0 млн тонна.
КҚК – Теңгіз кен орны мен Қара теңіздегі «Южная Озереевка» мұнай терминалын (Новороссийск портының жанында) байланыстыратын Қазақстанның аса ірі экспорттық құбыр желісімен жұмыс жасайды. ҚМГ-ның жобадағы үлесі 20,75%. КҚК құбыр желісінің ұзындығы – 1510 км (452 км – қазақстандық учаске). КҚК құбыр желісінің қуаттылығы – жылына 67 млн тонна (53,7 қазақстандық учаскіде).
«Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС – Атасу – Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған ҚТО мен CNODC компанияларының бірлескен кәсіпорны. Атасу – Алашанькоу және Кеңқияқ – Құмкөл магистарльды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалын жүзеге асырады және оның иесі болып табылады. Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының қуаттылығы жылына 20 млн тоннаны, ал Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының қуаттылығы жылына 10 млн тоннаны құрайды.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС – «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бөлігі болып табылатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған ҚТО (51%) мен CNPC E&D компанияларының (49%) бірлескен мекемесі. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырларының қуаттылығы жылына 6 млн тоннаны құрайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) – жиынтық ұзындығы 5 378 шақырымды құрайтын Қазақстандағы аса ірі магистральды мұнай құбырлары жүйесінің жеке меншік иесі. КМГ-ның компаниядағы үлесі 90%. ҚТО-ның мұнай құбырлары жүйесіне кіретін Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) мұнай құбырлары - бірегей ыстық магитральды мұнай құбыры болып табылады. ӨАС Ресей аумағы (Трансмұнай мұнай құбыр жүйесі) арқылы Қара және Балтық теңіздерінің порттарына қол жетімділікті қамтамасыз етеді. ӨАЗ мұнай құбырының қуаттылығы – жылына 17,5 млн тоннаны құрайды.
«Бейнеу - Шымкент газ құбыры» ЖШС – КТГ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd. (акционер – CNPC еншілес кәсіпорны CNODC компаниясы) тепе-тең бірлескен кәсіпорны. Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен қамту, еліміздің ішкі нарығын тұрақты түрде газбен қамсыздандыру және шет елдерге газ экспортының диверсификациясын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Газ құбырының iс жүзіндегі қуатылығы — жылына 13 млрд текше м, жобалық қуатылығы — жылына 15 млрд текше м.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) ҚТГ-нің 100%-тік еншілес кәсіпорны болып табылады. 2018 жылы ИОА Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық операторының мәртебесін алды. Бүгінгі таңда ИОА Қазақстанның аумағы бойынша жалпы ұзындығы 19 146,51 км магистральдық газ құбырларымен табиғи газды ішкі тасымалдау мен оның транзитін жүзеге асырады. ИОА-ның негізгі магистральдық газ құбырыларына «Союз», Орынбор – Новопсков МГ (68,4 жылына млрд текше м), Орта Азия – Орталық МГ (50,8 жылына млрд текше м), Бухара – Орал МГ (31,5 жылына млрд текше м) жатады. ИОА үш жерасты газ қоймасын пайдаланады.
«Азия Газ Құбыры» ЖШС (АГҚ) ҚТГ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Ltd. (акционер – CNPC еншілес кәсіпорны CNODC компаниясы) тепе-тең бірлескен кәсіпорны болып табылады. Бірлескен кәсіпорын табиғи газды Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасынан Қытай аумағындағы «Қорғас» газ өлшеу станциясына дейін тасымалдауға арналған «Қазақстан – Қытай» газ құбырын қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылды. АГҚ-ның «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының өнімділігі жылына 55 млрд текше м жеткізілді.
«Сарыарқа» МГ акционерлері «Самұрық-Қазына» АҚ (50%) мен «Baiterek Venture Fund» АҚ (50%) болып табылатын «АстанаГаз ҚМГ» АҚ меншігінде. 2019 жылда Сарыарқа МГ 1-кезеңінің құрылысы аяқталды. 2020 жылғы ақпан айында газ құбыры газ тасымалдауды жүзеге асыратын «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) жалға берілді. Газ құбырының 1-кезеңінің өткізу қабілеттігі – жылына 2,2 млрд текше м. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1060,6 км. Газ құбыры Қазақстанның орталық өңірлері мен астанасына газды тұрақты жеткізеді деп күтіледі.
"Жіберу"-ге басқан кезде, сіз ҚМГ ақпаратты жарияламау саясатымен келісесіз. |
МАҢЫЗДЫ: Келесі хабарламамен толық көлемде мұқият танысуыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген хабарлама өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.
Осы веб-сайтта "болашаққа қатысты мәлімдеме"болып табылатын немесе есептелетін өтініштер болуы мүмкін. Болашақты сипаттауға арналған терминология, соның ішінде, "есептейді", "алдын ала бағалау бойынша", "күтеді", "болжамдар бойынша", "ниеттенеді", "жоспарлайды", "байқады", "болады" немесе "тиіс" деген сөздерді қоса алғанда, немесе, не әрбір жағдайда олардың теріс нысаны немесе ұқсас немесе салыстырмалы терминологиясы, немесе, не стратегияны, жоспарларды, мақсаттарды, міндеттерді, болашақ оқиғаларды немесе ниеттерді талқылауға сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Болашаққа қатысты көрсетілген мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Мұндай шектеусіз болашаққа қатысты мәлімдемелер ниеттер, пікірлер, болжамдар туралы мәлімдемелер және Компанияның өзгелермен қатар, қызмет нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, өсуіне, әлеуетті сатып алуларға, Компанияның стратегиясына және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты оның үміттері туралы мәлімдемелер болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша болашаққа қатысты мәлімдемелер тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты, өйткені олар орын алуы немесе орын алмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақтағы нәтижелерінің және қызметтің нақты нәтижелерінің кепілдіктері болып табылмайды, оның ішінде Компанияның қаржылық жағдайы мен өтімділігі және Компания жұмыс істейтін елдің және салалардың дамуы, осы веб-сайтта сипатталғаннан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін немесе болашаққа қатысты осы веб-сайтта қамтылған мәлімдемелерге сәйкес болжалдануы мүмкін. Веб-сайтта қамтылған ақпарат толық емес. Ақпаратты дайындаудың мұқияттылығына қарамастан, барлық ақпарат барлық қатынастарда нақты және өзекті бола алмайды және Компания салаға қатысты қандай да бір ақпаратты жаңарту үшін немесе жаңа ақпаратты, болашақ оқиғаларды немесе қандай да бір өзге жағдайларды алу нәтижесінде, осы веб-сайтта қамтылған болашаққа қатысты қандай да бір мәлімдемелер үшін жауапты болмайды. Осы веб-сайтта ұсынылған немесе қамтылған кез келген ақпарат алдын ала ескертусіз түзетілуі немесе өзгертілуі мүмкін. Компания ешқандай растама жасамайды, ешқандай кепілдік бермейді және болашаққа қатысты осындай мәлімдемелерде баяндалған нәтижелерге қол жеткізуге қатысты ешқандай болжам жасамайды.
Компания осы веб-сайтта жарияланған ақпаратты үшінші тұлғалардың дұрыс түсінуіне жауапты болмайды. Осы веб-сайтта қамтылған ақпараттың немесе пікірлердің дәлдігіне, толықтығына немесе әділдігіне ешбір мақсатта сүйенуге болмайды компания, оның акционерлері немесе бақылауындағы компаниялар, олардың лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, директорлары, аффилиирленген тұлғалары, агенттері немесе консультанттары осы веб-сайттағы кез келген ақпарат немесе пікір үшін немесе кез келген қателер немесе олқылықтар үшін ешқандай жауапкершілікті немесе жауапкершілікті қабылдамайды. Компания осы веб-сайтта жарияланған болашаққа қатысты мәлімдемелерге негізделген үшінші тұлғалардың инвестициялық және өзге де қаржылық шешімдері үшін жауапты болмайды.
Компания да, оның консультанттары да осы веб-сайтты немесе ондағы ақпаратты пайдалану нәтижесінде туындайтын кез келген түрдегі тікелей немесе жанама немесе кейінгі шығындар үшін ешқандай жауапкершілікті көтермейді.