«Самұрық-Қазына» АҚ – басты міндеті Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету болып табылатын тәуелсіз қор. Қордың компаниялар тобына мұнай-газ, көлік және логистика салаларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен және металлургия кешенінің, энергетика, машина жасау мен жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР-ның орталық банкі болып табылады және елдің банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Iрі кәсіпорындар |
ҚМГ үлесі |
Теңгізшевройл ҚМГ операциялық емес активтің 20% акциясына ие. «Теңгізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде әлемдегі алпауыт мұнай кен орындарының қатарына кіретін Атырау облысында орналасқан Теңгіз кен орнын игеру мақсатында құрылған болатын. | Exploration and production | |
Қарашығанақ ҚМГ операциялық емес активтің 10% акциясына ие. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орны болып табылатын Батыс Қазақстанда орналасқан Қарашығанақ кен орнының операторы болып табылады. | ||
Қашаған ҚМГ операциялық емес активтің 8,44% акциясына ие. НКОК – Солтүстік Каспий жобасының операторы. Келісімшарттық аумақта Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған кен орындары орналасқан. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км қашықтықта 3-4 метр су астында және теңіз түбінен 4 км-дан асатын (4 200 метр) тереңдікте жатыр. | ||
Өзенмұнайгаз ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. Өзенмұнайгаз Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игерумен айналысады. Компанияның құрамына 16 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді. | ||
Маңғыстаумұнайгаз ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. Маңғыстаумұнайгаз 1963 жылдың қарашасында Маңғышлақ түбегіндегі мұнай-газ кен орнын игеру мақсатында құрылған болатын. Компания игеріліп жатқан 15 кен орнымен жұмыс жасайды. | ||
Ембімұнайгаз ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. Ембімұнайгаз геологиялық барлаумен, мұнай-газ кен орындарын өңдеумен, мұнай және газ өндірумен айналысады. Компанияның құрамына 10 өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді. Компания игеріліп жатқан 33 кен орнымен жұмыс жасайды. | ||
Қазгермұнай ҚМГ операциялық активтің 66,5% акциясына ие. Қазгермұнай өзіңнің көмірсутек шикізатын барлау, өңдеу, өндіру және өткізу қызметтерін Қызылорда облысының кен орындарын жүзеге асырады. Компания игеріліп жатқан 6 кен орнымен жұмыс жасайды. | ||
ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз ҚМГ активтің 33 % акциясына ие. ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз Оңтүстік Торғай бассейніндегі Құмкөл (оңтүстік-шығыс бөлік), Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы, Арысқұм, Қызылқия, Солтүстік-Батыс Қызылқия, Майбұлақ, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ мұнай кен орындары мен барлау блоктарын өңдеумен айналысады. | ||
Қаражанбасмұнай ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. «Қаржанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысында орналасқан Қаржанбас кен орнын игерумен айналысатын мұнай өндіру компаниясы болып табылады. | ||
Қазақойл Ақтөбе ҚМГ операциялық активтің 50% акциясына ие. Қазақойл Ақтөбе 1999 жылдан бері Ақтөбе облысында орналасқан «Әлібекмол» және «Қожасай» мұнай-газ конденсат кен орындарын игеру бойынша жұмыстарды жүзеге асырып келеді. | ||
Қазақтүрікмұнай ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысындағы Лақтыбай және Оңтүстік Қаратөбе кен орындарында өндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 4 кен орнын игеруде. | ||
ҚазМұнайТеңіз ҚМГ операциялық активтің 100% акциясына ие. «ҚазМұнайТеңіз» — теңіз жобаларын тиімді басқару арқылы теңіз және жағалау территорияларында (Каспий және Арал теңіздері) мұнай операцияларын жүзеге асыратын компания. |
ҚазТрансОйл «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) – жиынтық ұзындығы 5 377 шақырымды құрайтын Қазақстандағы аса ірі магистральды мұнай құбырлары жүйесінің жеке меншік иесі. КМГ-ның компаниядағы үлесі 90%. ҚТО-ның мұнай құбырлары жүйесіне кіретін Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) мұнай құбырлары - бірегей ыстық магитральды мұнай құбыры болып табылады. ӨАС Ресей аумағы (Трансмұнай мұнай құбыр жүйесі) арқылы Қара және Балтық теңіздерінің порттарына қол жетімділікті қамтамасыз етеді. ӨАЗ мұнай құбырының қуаттылығы – жылына 17,5 млн тоннаны құрайды. | Transportation | |
Қазақстан-Қытай құбыр желісі «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС – Атасу – Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған ҚТО мен CNODC компанияларының бірлескен кәсіпорны. Атасу – Алашанькоу және Кеңқияқ – Құмкөл магистарльды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалын жүзеге асырады және оның иесі болып табылады. Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының қуаттылығы жылына 20 млн тоннаны, ал Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырының қуаттылығы жылына 10 млн тоннаны құрайды. | ||
МұнайТас «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС – «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бөлігі болып табылатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану мақсатында құрылған ҚТО (51%) мен CNPC E&D компанияларының (49%) бірлескен мекемесі. Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырларының қуаттылығы жылына 6 млн тоннаны құрайды. | ||
Батуми мұнай терминалы Батуми мұнай терминалы (БМТ) Қара теңіз жағалауында, Батуми қаласында (Грузия) орналасқан және Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Грузия сияқты басқа елдерінің мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсетеді. БМТ-да 7 теміржол ағызу-құю эстакадасы жұмыс істейді. Барлық эстакадалар түрлі қойма парктері бар құбыр жүйесімен байланысқан. БМТ иелігінде жалпы көлемі 551 мың м3 құрайтын 135 қойманы біріктіретін бес қойма паркі бар. | ||
ҚазТрансГаз ҚазТрансГаз тауарлы газды магистральді газ құбырлар мен газ таратушы желілер арқылы тасымалдаудың орталықтандырылған инфрақұрылымын басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді, сыртқы және ішкі нарықтағы газ сатылымымен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын өндіреді, қаржыландырады, құрылысымен айналысады және қолданысқа енгізеді. | ||
Интергаз Орталық Азия «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) газды магистральды тасымалдауды және сақтауды, сонымен қатар магистральды газ құбырлары (МГҚ) мен жер асты газ қоймаларын (ЖГҚ) пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. МГҚ мен ЖГҚ-ның жалпы қуаттылығы жылына 158 млрд м3. ЖГҚ-ның жалпы белсенді сақтау көлемі – 4,6 млрд м3. | ||
Азия газ құбыры «Азия газ құбыры» ЖШС – ҚТГ (50%) мен CNPC-дің (50%) бірлескен кәсіпорны. 2008 жылдан бастап «Қазақстан-Қытай» Магистарльды газ құбырын салу және пайдалану жобасын басқарып келеді. Сонымен қатар, газды магистральдау бойынша қызметтер көрсетеді. Газ құбырының қуаттылығы жылына 52 млрд м3. | ||
ҚазТрансГаз Аймақ ҚазТрансГаз Аймақ мемлекеттің барлық газбен қамсыздандырылған он облыстарындағы таратушы және магистральді газ құбырларын басқаратын Республикадағы ең ірі газбен қамтамасыз етуші компания. | ||
Бейнеу – Шымкент газ құбыры «Бейнеу - Шымкент газ құбыры» ЖШС – ҚТГ (50%) мен CNPC-дің (50%) бірлескен кәсіпорны. Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен қамту, еліміздің ішкі нарығын тұрақты түрде газбен қамсыздандыру және шет елдерге газ экспортының диверсификациясын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Газ құбырының қуаттылығы жылына 10 млрд м3. | ||
ҚазРесГаз ҚазРесГаз негізгі қызметтері: маркетинг, қайта өңдеу, қазақстандық табиғи газды және оның өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдау және сату. | ||
Қазақтеңізкөлікфлоты Қазақстан Республикасындағы аса ірі, сондай-ақ заманауи флот бірліктері – танкерлер мен сүйреткіш кемелер, ірі көлемді жүктерді тасымалдауға арналған кемелер мен әртүрлі мақсаттағы баржалар тиеслі Ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың негізгі бағыттары Каспий, Қара және Жерорта теңіздерінің су айдындарында орналасқан. Өндірістік активтерінде Каспий теңізіндегі дедвейті 12,000-13,000 тоннаны құрайтын 6 мұнай құю танкері және Қара теңіздегі "Aframax" типіндегі 2 мұнай танкері (2017 жылдың аяғында) бар. | ||
Каспий Құбыр Консорциумы
КҚК – Ресей, Қазақстан, сондай-ақ әлемдегі жетекші тау-кен компанияларының қатысуымен ұзындығы 1500 км-ден астам магистральды мұнай құбырын салу және пайдалану үшін құрылған ең ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы. КҚК жүйесіне негізінен Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайы, сондай-ақ ресейлік өндірушілердің шикізаты келіп түседі. |
ПМХЗ Павлодар мұнай-химия зауыты – мұнай өңдеумен және мұнай өнімдерін щығарумен айналасатын кәсіпорын. Зауыт Батыс Сібір кен орындарының мұнай өнімдерін өңдеуге бағдарланған. 2017 жылы зауыт қайта жаңғыртудан өтті. Көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,1 млн тонна. | Refining and Marketing | |
АМӨЗ Атырау мұнай өңдеуші зауыт (АМӨЗ) – мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі зауыт. 2017 жылдың соңында АМӨЗ жаңғырту аясында жаңа құрал-жабдықтарды орнату бойынша барлық механикалық жұмыстар тәмамдалды, ал іске қосу мен жөндеу жұмыстар 2018 жылдың екінші жартысында аяқталмақ. Кәсіпорынның көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,5 млн тонна. | ||
Шымкент мұнай өңдеу зауыты Шымкент мұнай өңдеу зауыты еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі ең жаңасы болып табылады. Ол Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 2017 жылы бірінші кезеңді жаңғырту аяқталды. Толығымен жаңғырту 2018 жылдың екінші жартысында аяқталмақ. Зауыттың көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна. | ||
КМГ Интернешнл
КМГ Интернешнл иелігінде келесі жобалар бар: 1979 жылы салынған Румыниядағы МӨЗ - Петромидия; 1905 жылы салынған Орталық және Шығыс Еуропадағы жалғыз экстракциялық нафта өндірішусі - Вега зауыты. |
||
«Петромидия» МӨЗ "KMG International" Тобы құрамындағы актив - Румынияның аса ірі мұнай өңдеу зауыты және Оңтүстік-Еуропадағы ең заманауи өндіріс орындарының бірі болып табылады. Зауыт жеке меншік темір жол логистикасын пайдаланады, мұнай өнімдерін экспорттау үшін Дунай – Қара теңіз арнасына және Мидия портындағы инфрақұрылымға кіруге мүмкіндігі бар. 2012 жылы зауытты жаңғырту аяқталды. Көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 6,0 млн тоннаны құрайды. | ||
«Вега» МӨЗ «KMG International» Тобы құрамындағы мұнай өңдеу зауыты. «Petromidia» МӨЗ-мен бірлесе жұмыс істейді. «Petromidia» МӨЗ Petromidia МӨЗ жеткізетін жартылай фабрикаттардан алынған арнайы өнімдерді өндіруші және жеткізуші. Көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша жобалық қуаттылығы жылына 500 мың тонна. |
KMG Drilling&Services "KMG Drilling&Services" ЖШС 2014 жылдың 30 мамырында "Теңіз Бұрғылау" ЖШС теңіз бұрғылау компаниясымен ашылды. Компанияның негізгі қызмет бағыттары - теңіз және жер үсті мұнай ұңғымаларының құрылысы бойынша қызмет көрсету. | Service |